«Маркетинг» білім беру бағдарламасының мақсаты тұтынушылар нарығын талдау және кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін сатып алушылар арасында тауарларды жылжыту стратегиясын жобалау саласындағы мамандарды даярлау болып табылады. Маркетинг бизнестегі көптеген бағыттармен байланысты, сондықтан әр адам өзінің мүдделерін, білімін, дағдыларын, мінез-құлық қасиеттерін ескере отырып, маркетинг саласында өз орнын таба алады. Оған қызықты тәжірибе көмектеседі. Оқу барысында компаниялармен, жұмыс берушілермен, қызықты адамдармен танысасыз.
«Маркетинг» мамандығы мынадай біліктіліктер бойынша кәсіби мамандарды дайындайды:
- Сатушы;
- Мерчендайзер;
- Маркетолог;
- Маркетингтің қолданбалы бакалавры.
Осы бағыт бойынша колледжде оқуды аяқтағаннан кейін жоғары білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыруға болады.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек