«Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)» мамандығы - адам қызметінде ең жылдам дамып келе жатқан салалардың бірі. Осы ретте, мектеп түлектерінің көпшілігі осы мамандықты таңдауды армандайды. Сонымен қатар бұл кәсіп бірқатар мамандықтарға бөлінеді.
Түлектердің кәсіби қызмет саласы: жүйелік және желілік бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу, баптау және әкімшілендіру; серверлік және желілік жабдықтарды пайдалану және қызмет көрсету; бағдарламалық-техникалық құралдардың жұмысқа қабілеттілігін диагностикалау және мониторингтеу; желілік инфрақұрылым объектілерінің ақпаратты резервтеу тұтастығын және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
«Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)» мамандығы мынадай бағыттар бойынша кәсіби мамандарды дайындайды:
- Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы;
- Желілік және жүйелік әкімшілендіру технигі;
- Деректер базасын әкімшілендіру жөніндегі техник.
Әр бағыт бойынша колледжде оқуды аяқтағаннан кейін жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруға болады.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек