«Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалары және қолдану аясы бойынша)» білім беру бағдарламасының мақсаты басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтерінде жұмыс істейтін мамандарды даярлау болып табылады.
Компьютерлік іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану саласындағы маман облыстық және республикалық деңгейдегі органдарда, мемлекеттік, қоғамдық коммерциялық мекемелерде, бірлескен фирмаларда, ЖШС-да ақпараттық-құжаттамалық қамтамасыз ету лауазымдарын (кадр бөлімінің меңгерушісі, кеңсе басқарушысы, хатшылық меңгерушісі және т.б.) атқара алады. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде, орыс тілінде, ал хат алмасуды ағылшын тілінде жүргізе алады.
«Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалары және қолдану аясы бойынша)» мамандығы бірнеше бағыт бойынша кәсіби мамандарды дайындайды:
- офис-менеджер;
- Іс жүргізуші;
- Архивист.
Әр бағыт бойынша колледжде оқуды аяқтағаннан кейін жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруға болады.
2025 ж. 1 қыркүйек